By nuraly_admin on
02/07/2024
“Кәсіби білім берудегі рart-time оқытудың педагогикалық ерекшеліктері“ тақырыбы бойынша дөңгелек үстел https://fim.wku.edu.kz/novosti/18-kafedra-informatiki/459-rart-time ҚР ҒЖБМ биыл “жас ғалымдарға” қолдау көрсетіп, баспанамен қамтылып, тұрмыстық мәселенің қамымен кетпей, ғылымға үлес қосатын жастар үшін жаңа жобаны іске қосты. Біздің ғылыми жоба аясында бір жас отбасы баспаналы болды https://www.facebook.com/share/p/mg1Z3jJuHKhn7xxW/ Астана қаласындағы халықаралық университеттің жоғары білім беру мектебінде (педагогикалық институт) болып, институт директоры Ж.Қ.Ахмадиевамен, ғалымдармен және білім алушылармен кездестім. Алдымен “Кәсіби білім беруді цифрландыру жағдайында part-time оқыту” жобасы бойынша таныстырылым жасалды. https://www.facebook.com/share/p/aTpAQgLnAZn7DLX4/ Ақпараттық технологияларды ғылыми зерттеулерде қолдану мүмкіндіктері Махамбет Өтемісов Атындағы Университетттің педагогикалық факультетінде ғылым күні қарсаңында ғылыми-әдістемелік семинар өткізілді. Сол семинарда аталмыш тақырыпта шеберлік сабағын бердім. Ар 14872018 Кәсіби білім беруді цифрландыру жағдайында оқыту жобасы бойынша жасақталған edtime.kz платформасы демонстрацияланып, насихатталды. https://www.facebook.com/share/p/8GK6W9J6ZqCgF3Pp/?mibextid=L0MuaQ Ғылым күні құтты болсын! Ғылым күні Махамбет Өтемісов Атындағы Университетінде ғылыми апталық ретінде аталып өтті. Мен Ғылым күніне орай өз жаңалықтарымды оқырманмен бөліскім келді. 1. Апталық аясында 81-ғылыми-тәжірибелік конференция оздырылды. Пленарлық мәжілісте “Кәсіби білім беруді цифрлық трансформациялау жағдайында ашық білім беру платформасы арқылы болашақ мамандарды даярлау” тақырыбында баяндама оқыдым. Тақырып өзекті болғандықтан практикаға бағдарланған сауалдар қойылды. Баяндама тыңдаушылардың назарын аударып, қызығушылықтың болғанына қуандым. Көбінесе үнсіз отыратын тыңдаушылардың белсенділігіне риза болдым https://www.facebook.com/share/p/k9nqjNup5hQvxk6S/