By nuraly_admin on
17/11/2024
2022 1.Рart-time оқыту мен кәсіби білім беруді цифрландырудың шетелдік және отандық тәжірибелерін талдау - Шетелде кең таралған теориялық және практикалық тәжірибелер зерттелді. Атап айтқанда, шетелдердегі part-time оқытуды қолданудың үздік тәсілдері мен практикасы оқып-үйренілді, цифрлық білім берудің шетелдік және отандық теориялық тұжырымдамасы мен практикасы талданып, заңдылықтары мен даму тенденциясы анықталды Шетелдердегі part-time оқытуды қолданудың үздік тәсілдері мен практикасы оқып-үйренілді. АҚШ, Европа, Азия, Ресей елдерінде part-time оқытудың тәжірибелері зерттелді. Full-time және part-time оқыту форматтарына салыстырмалы талдау жасалып, ерекшеліктері мен айырмашылықтары талданды. Қарастырылған елдер тәжірибесінде part-time оқытудың (күндізгі-сырттай, сырттай, online, online-offline, аралас/гибридті) түрлі әдістемелері анықталды. - Қазақстандық рart-time оқытудың педагогикалық моделі құрылды. Атап айтқанда, зерттеу тақырыбы бойынша ғылыми-әдістемелік еңбектерге теориялық талдау жасалып, жалпыланды және ғылыми-әдістемелік еңбектерге сүйене отырып, қазақстандық рart-time оқыту моделінің прототиптері жасақталды. Білім мазмұны, оқыту формасы, білім алушы мен оқытушы/жоғары оқу орны арасындағы қарым-қатынасты сипаттайтын «Part-time оқыту жүйесінің жалпы сұлбасы», «Part-time оқыту құрылымы» нұсқалары әзірленді. - Цифрлық білім беру арқылы рart-time оқытудың шетелдегі функционалдық практикасын, трансформациялау мен жаңғыртылуын педагогикалық зерттеу барысында Moodle, SCORM, Blackboard, Coursera, Лекториум, Stepik, т.б. платформалар құрылымы мен технологиясы зерделенді. - Жоба бойынша 2023 жылғы ҚР ҒЖБМ Ғылым комитетіне қысқаша мәлімет тапсырып, мақұлданды. Олар Ғылым комитетінің сайтында https://is.ncste.kz/object/brief-info 2023 жыл - Цифрлық білім беру арқылы рart-time оқытудың шетелдегі функционалдық практикасын, трансформациялау мен жаңғыртылуын педагогикалық зерттеу барысында Ресей, Швеция елдері жоғары оқу орындарының тәжірибелері, ғылыми, оқу-әдістемелік ақпараттар негізінде өзге елдердегі білім беруді цифрландыру оқып-үйренілді. 2.Қазақстанда қашықтан оқытуды кәсіби білім беру жүйесіне ендірудің қазіргі ахуалын бағалау - Қазақстандағы білім беру жүйесін жаңғырту бойынша қашықтан оқытудың қазіргі ахуалы талданды. Қазақстандағы кәсіби білім беру жүйесіне қашықтан оқыту технологиясын жаңғырту бойынша қашықтан оқыту технологиясын трансформациялау аналитикалық тұрғыдан талданды. Ол үшін еліміздегі жоғары оқу орындарының академиялық есептері, аккредитациядан өту есептері, ұлттық есептер қарастырылды. Шетелдік цифрлық білім беру тәжірибесінің Қазақстандағы жоғары білім жүйесіне трансформациялаудың тенденциялары айқындалды. Қазақстандық жоғары оқу орындарында сырттай оқытуды қашықтан оқытуға трансформациялау тәжірибелері оқып-үйренілді. - Қазақстанның жоғары білім беру жүйесіндегі қашықтан білім берудің қазіргі жағдайын зерттеу мен жобалық жұмыстың эксперименттік жоспарын нақтылау мақсатында білім алушылар арасында сауалнама жүргізілді және дайындық деңгейі анықталды. 3.Кәсіби білім беруді цифрландыру жағдайында ашық білім беру кеңістігі арқылы рart-time оқытуды модельдеу - Цифрлық білім берудің заңдылықтары мен даму тенденциясы анықталды, әлеуметтік, экономикалық факторлардың part-time оқытуды еңгізу мәселелері мен педагогикалық ерекшеліктері анықталды. - Ашық білім беру кеңістігі (АББК) жағдайында part-time оқытудың педагогикалық моделі жасалды. Ол мақсаттық, техникалық, мазмұнды-программалық, әдістемелік, нәтижелік құраушылардан тұрады. - Кәсіби білім беруді цифрландыруға негізделген ашық білім беру кеңістігінің құрылымы мен мазмұнын дайындау бойынша АББК мазмұнына сәйкес білім беру курстарының контенті әзірлене бастады. «Информатиканы оқыту әдістемесі», «Робототехника негіздері», "Теория баз данных," т.б. онлайн-курстарының құрылымы мен мазмұны «6В01506-Информатика», «6В01503-Физика-Информатика» білім беру бағдарламаларына сәйкес анықталды. - Рart-time оқытуға арналған АББК платформасының сұлбасы, яғни құрылымы анықталды. Платформа құрылымындағы басты нысандар - курстар, жаңалықтар, қызметкерлер беттері деп ойластырылды. 4.Рart-time оқытуды ашық білім беру кеңістігі арқылы оздырудың педагогикалық қағидалары мен шарттарын айқындау - Қолжетімді программалық жасақтаманы дайындау технологиялары (веб-сайт жасақтаудың шаблон бойынша, өзіндік программалау, ашық коды бар программаны өңдеу арқылы) зерделенді және әр түрлі программалық жасақтама элементтерін авторлық құрылымға сәйкес жаңа идеялармен интеграциялау нұсқалары ұсынылды. Ашық білім беру кеңістігін құру үшін алдын-ала оқып-үйреніп, зерделеген платформалардың (Moodle, Coursera, BlackBoard, EdX, т.б.) оңтайлы қызметтері айқындалды. Ол үздік тұстарды жаңа платформаға енгізу бағыттары ойластырылды. Нәтижесінде ашық онлайн курстың құрылымындағы құраушылардың өзара байланысын (оқытушының білім алушы іс әрекетін қадағалау, сертификациялау, білім алушының кабинеті) орнату жолдары айқындалды. - Кәсіби білім беруді цифрландыру жағдайында ақпараттық нысандардың жүйелі интеграциясын қамтитын АББК құрылды. Оның негізгі элементтері: оқытушының және студенттің жеке кабинеті, білім базасы, бақылау және сертификаттау модулі, ақпарат және хабарландыру, жүйені басқару модулі. Басты бетте курстар, әкімгер, нұсқаушы-тьютор, студент беттеріне ену мүмкіндіктері қарастырылды. Пайдаланушы авторизациядан өтеді. Басты бетте жаңалықтар мен хабарландырулар орналастырылды. Мұнда онлайн кеңестер кестесі өткізілетін уақытының, өткізу ортасының көрсетілуімен қоса беріледі. Әкімгердің функциясына жалпы АББК-ны басқару және реттеу кіреді. Тьютордың қызметінде курс қосу және курсты видеодәрістермен қамтамасыз ету үрдістері автоматтандырылды. Студенттің жеке кабинетінде қозғалысы, нәтижелік көрсеткіштері көрінеді және ол динамика тьютор кабинетінде көрінеді, яғни студенттердің курсты оқуын тьютор өз кабинетінен бақылай алады. - Рart-time оқытуды АББК арқылы жүзеге асырудың педагогикалық қағидалары мен шарттары нақтыланды. Part-time оқытудағы шетелдік тәжірибелердің озығын қазақстандық жоғары білім саласына енгізуге бағытталған педагогикалық қағидалар (икемділік, өзіндік оқу, зерттеушілік, белсенді оқыту, үздіксіз білім алу, қолайлы оқу ортасы, өмір бойы білім алу дағдылары, бағалау және кері байланыс қағидалары) мен шарттар (ұйымдастырушылық-технологиялық, ұйымдастырушылық-басқарушылық, әдістемелік-технологиялық, кадрлық) тұжырымдалды. 5.Кәсіби білім алушыларды рart-time оқытуға арналған ашық білім беру кеңістігінің платформасын әзірлеу - Part-time оқытуға арналған ашық білім беру кеңістігінің платформасы әзірленді. Қажетті хостинг пен домен алынды. www.edtime.kz тіркелді. Онлайн курстарды рәсімдеу жүргізіліп. зерттеу тобы мүшелерінің онлайн-курстары жарияланды. Ашық білім беру кеңістігінде онлайн курстар (МООК), виртуалды зертхана және тестілер жинағы дайындалды. Әрбір онлайн курстың құрылымы бейнедәріс, бақылау тапсырмалары, қорытынды бақылаудан тұрады. Кейбір онлайн курстарға виртуалды зертхана қосылды (программалау тілі, робототехника негіздері). Әр курс бойынша тестілер жинағы жасақталды. Онлайн-курстарға білім алушылар тіркелді. Білім алушылар онлайн-курсты аяқтағаннан кейін университет сертификатын алады. - Ашық білім беру кеңістігінде онлайн байланыс орнатуға арналған онлайн кеңестер кестесі әзірленіп, хабарландырулар бөлімінде жарияланды. Онда оқытушының аты-жөні, онлайн кеңес уақыты (кешкі мезгіл, яғни жұмыс уақытынан тыс мезгіл) және кеңес өтудің мекен-жайы көрсетілді. 6.Кәсіби білім алушыларды ашық білім беру кеңістігі арқылы рart-time оқытудың әдістемесін жасақтау - АББК негізінде part-time оқыту мен оның нәтижелерін анықтау тәртібі әзірленді. Кәсіби білім беру аспектісінде АББК негізінде part-time оқыту мен оның нәтижелерін анықтау тәртібі нақтыланды. АББК-де жарияланған онлайн курстарға білім алушылардың тіркелуі, видеодәрістерді білім алушылардың қарауы және оны бақылау, тақырыптық бақылау тапсырмаларын орындауы және оның нәтижесін қадағалау, модуль және/немесе курс бойынша қорытынды бақылау білім алушы мен тьютор (нұсқаушы) арасындағы өзара қарым-қатынасты қамтиды. Бұл «Қазақстандық кәсіби білім беруді цифрландыру жағдайында ашық білім беру кеңістігі арқылы part-time оқытудың нұсқаулығында» толық жазылды. Ашық білім беру кеңістігі арқылы part-time оқытуда оқу сабақтарын ұйымдастыру тәртібі, ашық білім беру кеңістігі арқылы part-timeоқытудағы оқу үрдісіне қатысушылардың жауапкершілігі, www.edtime.kzцифрлық платформасын қолдану, ашық білім беру кеңістігінде орналастырылатын онлайн курстардан өткен білім алушыларды бағалау тәртібі сияқты мазмұннан құралды. - АББК жағдайында part-time оқытудағы тьютордың, білім алушының рөлі нақтыланды. Кәсіби білім беруді цифрландыру жағдайында Рart-time оқытуда қызметкерлер тьютор (нұсқаушы), білім алушы (студент, магистрант), әкімгер (менеджер) болып бөлінеді. Олардың функционалдық қызметтері анықталды - Зерттеу материалдары жүйеленді және ашық білім беру жағдайында part-time оқытудың әдістемесі жасақталды. Рart-time оқытуды АББК арқылы жүзеге асырудың икемділік, өзіндік оқу, зерттеушілік, белсенді оқыту, үздіксіз білім алу, қолайлы оқу ортасы, өмір бойы білім алу дағдылары, бағалау және кері байланыс қағидаларын, Рart-time оқытуды АББК арқылы жүзеге асырудың педагогикалық шарттарын: ұйымдастырушылық-технологиялық (икемді жоспарлау, модульдік оқу жоспарын жобалау) ұйымдастырушылық-басқарушылық (оқу ортасын жасақтау), әдістемелік-технологиялық (үздіксіз бағалау және кері байланысты ұйымдастыру), кадрлық (инновациялық оқыту тәсілдерін қолдану бейімделу) басшылыққа ала отырып, дайындалды. АББК арқылы оқу курсының дәрістік бөлігін (теориясын) оқып үйрену, зерттеушілік және өзіндік оқу құзыреттіліктерін қалыптастыру бағыттарын зерттеу жолдары әдістеменің басты бағыттарын құрады. АББК арқылы part-time оқытудың әдістемесін жасақтау мына мазмұн толықтырды: Цифрлық білім беру процесін құру педагогикалық ғылымның жаңа саласы – цифрлық дидактика негізінде ғылыми негіздеуді қажет ететін күрделі міндет. Цифрлық дидактика – педагогиканың бір саласы, цифрлық қоғамдағы оқу үрдісін ұйымдастыру туралы ғылыми пән. Цифрлық білім беру үдерісінің қалыптасуы және даму тенденциялары. Кәсіптік білім мен оқытудың цифрлық оқу үрдісінің дидактикалық қағидалары. - Жоба бойынша 2023 жылғы ҚР ҒЖБМ Ғылым комитетіне қысқаша мәлімет тапсырып, мақұлданды. Олар Ғылым комитетінің сайтында https://is.ncste.kz/object/brief-info - Жоба ҚР ҒЖБМ Ғылым комитеті тарапынан мониторингтік бақылаудан 2023 жылдың 24-тамызында сәтті өтті. 2024 жыл - Зерттеу жұмыстары 2023-2024 жылдары ғылыми-әдістемелік семинарлар, вебинарлар арқылы насихатталды. Олар туралы ақпараттар әлеуметтік желілер мен университет жаңалықтарында жарияланды. Алдымен хабарландырулар таратылды, кейін өткендігі туралы жаңалықтар берілді. 7.Кәсіби білім беруді цифрландыру жағдайында ашық білім беру кеңістігі арқылы part-time оқытудың әдістемесін апробациядан өткізу - Зерттеу нәтижелерін апробациядан өткізу зерттеу жүргізілетін жоғары оқу орнында және одан өзге оқу орнында жүзеге асыру бойынша жасақталған модель мен әдістеменің тиімділігін негіздеу үшін апробациядан өткізілді. Эксперименттік, бақылау топтарының сандық, сапалық нәтижелері салыстырылды. Эксперименттік үш топ (қазақ(Э-1), орыс(Э-2) тілінде оқитын бакалавриатта қысқартылған оқу формасында күндізгі, қашықтан оқу мүмкіндігі бар студенттер мен еңбектен қол үзбей магистратурада оқып жатқан магистранттар(Э-3)) және бақылау топтарына сәйкесінше бакалавриатта толық оқитын күндізгі бөлімдегі қазақ тілінде (Б-1), орыс тілінде (Б-2) және магистратурада толық оқитын (Б-3) білім алушылар алынды. Олардың оқу курстары әр түрлі Э-1, Б-1 үшін «Информатиканы оқыту әдістемесі», Э-2, Б-2 үшін «Деректер қоры теориясы»(орыс тілінде), Э-3, Б-3 үшін «Білім беруді ақпараттандыру және оқыту мәселелері» алынды. - Апробация нәтижелері бойынша ұсынылған ескертулер мен ұсыныстар бойынша түзетулер енгізілді. Мәселен, онлайн курсқа ресурстар қосылды, виртуалды зертхана қосылды. Онлайн курсты дәстүрлі оқытумен ұштастыру негізінде білім алушылардың зерттеушілік және өзіндік оқу құзыреттіліктерінің қалыптасуы зерттелді. - Қазақстандық кәсіби білім беруді цифрландыру жағдайында ашық білім беру кеңістігі арқылы part-time оқытудың құжатнамасы дайындалды. Атап айтқанда, «Қазақстандық кәсіби білім беруді цифрландыру жағдайында ашық білім беру кеңістігі арқылы part-time оқытудың нұсқаулығын» дайындалды және эксперименттік жұмыстарды оздыру барысында басшылыққа алынды. - Жоба нәтижелерін жариялау 1 монография (Кәсіби білім беруді цифрландыру жағдайында part-time оқытуды ұйымдастырудың педагогикалық ерекшеліктері: монография./А.Б.Медешова Н.А. Адельбаева, Г.К.Амантурлина, С.М.Акимова, Г.Б.Бакытжанова, Д.Н.Курмашева, А.Н.Кушеккалиев. А.Б.Медешова жетекшілігімен./ – Алматы: «Қазақ кітабы» баспасы, 2024. -288 б. ISBN 978-601-266-653-3) дайындалды, нөлдік емес импакт-факторлы журналда 1 мақала (Medeshova A, Adelbaeva N., Kushekkaliev A., Akimova S., Kassymova A., Khazhgaliyeva G., Ramazanova L. (2024) Methods of Forming Digital Competence of Students. Qubahan Academic Journal, Vol 4 No 4, процентилі 87; Medeshova A., Kassymova А., Mutalova Zh., Kamalova G. Distance Learning Activation in Higher Education. European Journal of Contemporary Education., 2022,11(3), E-ISSN 2305-6746 2022. 11(3): 831-845. DOI: 10.13187/ejced.2022.3.831), процентилі 68, квартиль Q2; БҒСҚК тізіміне енген басылымда 2 мақала (1.Медешова А. Б., Кушеккалиев А. Н. Цифрлық білім беру ресурстарына шолу және part-time оқыту платформасын құру. Ясауи университетінің Хабаршысы.– 2023. – Т. 4. – №. 130. – С. 306-317.https://doi.org/10.47526/2023-4/2664-0686.25, 2.Medeshova, A., Özerbaş, M., Akimova, S.,Kurmasheva, D. (2023). Innovative pedagogical strategies for effective digitalization of education in the universities. Pedagogy and Psychology, 57(4), 25-34.DOI 10.51889/2960-1649.2023.15.4.011), халықаралық, республикалық конференция жинақтарында 16 мақала және 1 оқу құралы (Медешова А.Б. Білім беруді цифрландыру және цифрлық дидактика негіздері. Оқу құралы./А.Б.Медешова - Алматы: «QazaqBook.kz» баспасы, 2024-117бет.) жарияланды. - Зияткерлік меншікті қорғау жоспары бойынша 3 авторлық куәлік алыну керек еді, зерттеу нәтижесінде 4 авторлық куәлік алынды: 1. Медешова А.Б. Ашық білім беру кеңістігі арқылы part-time оқыту моделі. 2024 жылғы «2» мамыр № 45298 2. Медешова А.Б., Бактыгалиев Б. Б. Ашық білім беру кеңістігі edtime.kz. ЭЕМ-ге арналған бағдарлама. 2024 жылғы «30» сәуір № 45265 3. Медешова А.Б. Кәсіби білім беруді цифрландыру жағдайында part-time оқытуды ұйымдастырудың педагогикалық ерекшеліктері. Монография. 2024 жылғы «4» мамыр № 45450 4. Медешова А.Б. Білім беруді цифрландыру және цифрлық дидактика негіздері. Оқу құралы. 2024 жылғы «17» маусым № 47572 - https://edtime.kz/ ашық білім беру кеңістігі платформасындағы «Жаңалықтар» бөлімінде жалпы мағлұматтар мен жыл сайынғы нәтижелер жарияланып отыр. - Университеттің сайтында «Ғылым» бөлімінде аталмыш жоба туралы деректер жарияланды. https://wku.edu.kz/ru/nauka/nauchnaya-rabota3/nauchnye-proekty - Жоба ҚР ҒЖБМ Ғылым комитеті тарапынан мониторингтік бақылаудан 2024 жылдың 16-қыркүйегінде сәтті өтті. - Қорытынды университеттің ғылыми кеңесінде 25 қазан күні қаралып, бекітілді. Жоба бойынша ҚР ҒЖБМ Ғылым комитетіне қорытынды есеп (https://is.ncste.kz/) жоспарлы уақытта тапсырылды.