By nuraly_admin on
15/10/2023
AP14872018 «Кәсіби білім беруді цифрландыру жагдайында part-time оқыту» Реферат Қазақстанда дәстүрлі кәсіби білім беру формалары (күндізгі, кешкі, экстернат) «Білім туралы» ҚР Заңына сәйкес оздырылып келеді. Біздің елімізде сырттай оқу формасыy 2019 жылдан бастап қашықтан оқыту технологиясына көшіру қолға алынды. Қазақстандағы қашықтан білім беру жүйесінің барлық жетістіктері соңғы жылдардағы пандемия кезіндегі әлсіздігін танытты. Елімізде қашықтан оқыту бойынша эксперименттік зерттеулер кемдігі және рart-time оқытуды енгізідің керектігі байқалды. Соның салдарынан кәсіби білім беруді цифрандыру жағдайында қашықтан оқытуды жаңғырту немесе трансформациялау қажеттілігі туындап отыр. Соңғы жылдары әлемде «ашық білім беру» моделі пайда бола бастады. Бұл модель әлемдік білімнің ашықтығы, адами таным үдерістері мен білімінен туындайды. Ұсынылатын жобада кәсіби білім беруді цифрандыру жағдайында «ашық білім беру кеңістігі» (АББК) арқылы full-time және part-time оқытуды жүзеге асырумен шешу көзделеді. Білім алушылардың әлеуметтік және еңбекпен қамтылу жағдайына байланысты АББК-де full-time оқудағы білім бағдарламасының толық көлемін part-time оқу арқылы меңгеруін қамтиды. Бұл зерттеудің негізгі идеясын анықтайды. Зерттеу мақсаты Зерттеу мақсаты: кез келген білім алушыға қолжетімді ашық білім беру кеңістігі жағдайында part-time оқытуды модельдеу, оны жүзеге асырудың әдістемесін және программалық жасақтамасын әзірлеу.Бұл «Цифрлық Қазақстан» және «Педагог мәртебесі» ҚР Заңдарын жүзеге асыруға септігін тигізеді. Зерттеу міндеттері 1. Рart-time оқыту мен кәсіби білім беруді цифрландырудың шетелдік және отандық тәжірибелерін талдау. Шетелдің жоғары оқу орындарындағы part-time оқыту, цифрландыру тәжірибелерін оқып үйренуді, зерттеуді, педагогикалық модельдеу мен әдістеме жасақтауға, программалық өнім әзірлеуге негіз болады. 2. Қазақстанда қашықтан оқытуды кәсіби білім беру жүйесіне ендірудің қазіргі ахуалын бағалау. Қазақстандық жоғары оқу орындарында жүргізіліп жатқан қашықтан оқытудың жай күйін зерделеу көзделген мақсатқа жету жолын айқындауға мүмкіндік береді. Қашықтан оқыту құралдарының жетістіктерін саралау «Педагог мәртебесі» туралы Заңға сәйкес мұғалімнің кәсіби шеберлігін шыңдауды қамтамасыз ететіндігін дәлелдейді. 3. Кәсіби білім беруді цифрландыру жағдайында ашық білім беру кеңістігі арқылы рart-time оқытуды модельдеу. «Ашық білім беру кеңістігі», «рart-time оқыту» ұғымдарының мәні ашылады. Зерттеу мақсатына сәйкес күтілетін нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік беретін модель құрылады. 4. Рart-time оқытуды ашық білім беру кеңістігі арқылы оздырудың педагогикалық қағидалары мен шарттарын айқындау. Ғылыми зерттеу жұмысының әдіснамалық негіздері теориялар мен зерттеу барысындағы басшылықққа алынатын қағидалармен айқындалады. Сол себепті педагогикалық қағидалар мен шарттар маңызды болмақ. 5. Кәсіби білім алушыларды рart-time оқытуға арналған ашық білім беру кеңістігінің платформасын әзірлеу. ҚР БҒМ «Қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығында: «жаппай ашық онлайн-курстардың онлайн-платформасы (бұдан әрі - ЖАОК ОП) - таңдалған онлайн-курстар бойынша қашықтықтан оқуға мүмкіндік беретін ашық онлайн-білім беру порталы» деп анықталады. Ашық білім беру кеңістігінде онлайн курстар және виртуалды зертхана, тестілер кітапханасы, веб конференция, онлайн тақта, т.б. жинақталады. Елімізде білімнің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ететін құрал ретінде жетекші мамандар бірлесе әзірлеген онлайн-курстарға тегін қол жеткізу мүмкіндігін ұсынатын білім беру платформасы болып табылады. 6. Кәсіби білім алушыларды ашық білім беру кеңістігі арқылы рart-time оқытудың әдістемесін жасақтау. Цифрлық Қазақстанда әлемдік экономикалық кризис жағдайында ересектердің өндірістен қол үзбей оқуының, кәсіби біліктілігін жетілдіруінің маңызы зор екендігін ескеріп, рart-time оқытудың әдістемесі әзірленетін болады. Инклюзивті оқытудың проблемаларын (ресурсқа жеткілікті деңгейде қолжетімсіздік, онлайн оқуда уақыт шектеулігі, интернеттен ақпарат іздеуге уақыт кетірмеу, т.с.с.) шешудің нақты дидактикалық жолдары ұсынылады. 7. Кәсіби білім беруді цифрландыру жағдайында ашық білім беру кеңістігі арқылы part-time оқытудың әдістемесін апробациядан өткізу. Зерттеу нәтижелерін апробациядан өткізу зерттеу жүргізілетін жоғары оқу орнынан өзге оқу орнында оздырылады. Ол жоба бойынша атқарылған қызметтердің құндылығын анықтауға немесе түзетулер енгізу бағыттарын бағдарлауға мүмкіндік береді. Зерттеу тақырыбы бойынша дайындалатын модельдің, әдістеменің және программалық платформаның тиімділігін көрсететін болады, яғни жұмыстың нәтижелілігін байқатады. Күтілетін нәтиже 1. Қазақстанда part-time оқытуға бағдарланған ашық білім беру кеңістігінің құрылымы құрастырылады. 2. Ашық білім беру кеңістігі жағдайында рart-time оқытудың авторлық педагогикалық моделі құрылады. 3. Ашық білім беру жағдайында part-time оқытудағы сабақтастық және оқу материалдарын сұрыптау қағидалары мен авторлық әдістеме жасақталады. 4. Кәсіби білім беруді цифрландыру жағдайында ақпараттық нысандардың жүйелі интеграциясын қамтитын АББК құрылады. 5. Ашық білім беру жағдайында part-time оқытудың авторлық моделі мен әдістемесі апробациядан өткізіледі. 6. Жоба нәтижелері бойынша 1 монография дайындалады, нөлдік емес импакт-факторлы журналда 1 мақала, БҒСҚК тізіміне енген басылымда 2 мақала, халықаралық, республикалық конференция жинақтарында 2 мақала шығарылады, 3 авторлық куәлік/патент алынады.